Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Facebooк-те діни араздықты насихаттаған азамат жауапқа тартылды

0 174

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

20 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Атырауда Facebooк-тегі жеке парақшасында діни араздықты қоздыратын ақпараттар жариялаған азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы 2-бөлігі бойынша іс қаралды.

«Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Атырау облыстың Дін істері басқармасының мамандары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізген. Мониторингтің нәтижесінде құқық бұзушы А. Facebooк-тегі жеке парақшасында дiни араздықты қоздыруды насихаттауға бағытталған материалдарды салғаны және таратқаны анықталды. Дінтану сараптамасының қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы А. Facebooк-парақшасында жүктеген материалдар экстремизмді насихаттайтыны дәлелденді», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, 53 020 теңге айыппұл салу түрінде жаза қолданды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.