Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алғаш рет отандық дәрігерге Нобель медалі берілді

0 273

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

5 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ел медицинасының тарихында тұңғыш рет қазақстандық дәрігер Нобель медалін алды, деп хабарлайды Today.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

“Ұлттық ғылыми медициналық орталық” АҚ ұрық жасушаларын трансплантациялау бөлімінің басшысы, бағаналық жасушалар саласындағы бірқатар зерттеуді жасаушы Самат Сапарбаев Ресей мен ТМД өнертапқыштарының дамуына қосқан үлесі үшін Нобель медаліне лайықты деп танылды.

Аталған марапат жиыны Мәскеу қаласында өтеді. Сонымен бірге медаль халықаралық маңызы бар және мойындалған туындылар үшін алғашқы өнертапқыштардың бірі ретінде беріледі.

Самат Сапарбаев жасушалық технологиялар саласында 2006 жылдан бері зерттеулермен айналысады және жасушалық технологиялар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі орындаушыларының бірі. Зерттеу нәтижелері жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін клиникалық практикаға енгізілді. Дәрігер фетальдық жасушаларды бөлу, өсіру және криоконсервациялау әдістерін әзірлеп, практикалық қызметке енгізген. Сонымен қоса жасушалардың көктамырішілік трансплантациясы бойынша хаттамалар жасап және медициналық-экономикалық көрсеткіштер әзірледі. Дәрігер жұмыстарынан алынған деректер республикалық және халықаралық конференцияларда бірнеше рет баяндалды. 10-нан астам инновациялық патентке ие, 3 монографияның 6 әдістемелік нұсқаулық шығарылды, 60-тан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде алыс шетелдерде де жарық көрді, – деді Ұлттық ғылыми орталық өкілдері Нобель медалінің жеңімпазы туралы.

Айта кетейік, “Ұлттық ғылыми медициналық орталық” базасында Қазақстанда клиникалық базада құрылған жасушалық технологиялар зертханасы жұмыс істейді. Бұл жерде ұрық жасушаларының көмегімен Паркинсон ауруы, шашыраңқы склероз, бауыр циррозы, ревматоидты артрит, қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және т.б. диагнозы бар пациенттерді емдейді. Аталған емнің барлық түріне азаматтар квота арқылы қол жеткізе алады.

Бүгінгі таңда дәрігер бес награда бойынша марапатталады. Олардың қатарында “Ресей мен ТМД-ның белгілі ғалымдары” сертификаты мен куәлігі, Ұлы Екатерина ордені, “Ғылыми жеңістері мен жетістіктері үшін” ордені, әлемдік ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, көрнекті ғылыми жұмыстары, жаңалықтары, өнертабыстары үшін және үлкен ғылыми-практикалық маңызы бар жұмыстардың жиынтығы бойынша берілетін марапат та бар. Сондай-ақ “Жоғары білім беру саласындағы жаңашыл жұмысы үшін” алтын медалімен марапатталып, оған Ресей мен ТМД “ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қызметкері” құрметті атағы берілді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.