Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Інжілдің бұрмаланғанын түйе «дәлелдеп» берді

0 711

Израилдік археологтар Израил аумағында түйенің қашан қолға үйретілгенін анықтау үшін жүргізген зерттеу барысында радиокөміртекті талдау әдісіне жүгінген екен. Аталмыш зерттеу нәтижелері Інжілді сипатталған оқиғаларға қайшы келетіні белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы natureworldnews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Израилдік ғалымдардың зерттеу қорытындысы Інжілдің тарихи шындығына тек күмәнмен қарауға итермелеп қоймай, сонымен қатар, інжілдік мәтіннің ондағы тарихи оқиғалар айтылатын тарихи фактілерден көп кейін қолдан құрастырылғанын әйгілеп берді. Түйе жануары інжілдік мәтінде Авраам, Иосиф және Иаков (яғни, Ибрагим, Жүсіп және Жақып пайғамбарлар турасында) қиссаларында талай мәрте аталған жануар ретінде белгілі. Бұл оқиғалар, тарихшылардың айтуынша, біздің дәуірімізге дейінгі 1500-2000 жылдарды қамтиды. Тел-Авив университетінің Эрез Бен-Йосеф және Лидар Сапир-Хен есімді ғалымдары өздерінің аталған зерттеуге қатысты есебінде түйе бұл аймақта, дәлірегі, левантилік мемлекетте біздің дәуірімізге дейінгі 1200-900 жылдары пайдаланылғанын хабарлады. Археологтар ең ежелгі түйе сүйегін Израил мен Иордания шекарасы бойындағы Арава жазығындағы мыс кенінде, Өлі теңіз бен Қызыл теңіз аралығында жүргізілген қазба ұмыстары кезінде тапқан. Ғалымдар тас ғасырынан бергі бірнеше мәдени қыртысты тапқан еді. Ең ежелгі түйе сүйегі біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы мың жылдықтың алғашқы үштен бір бөлігіне қатысты болып шықты, дәлірегі, інжілдегі аты аталған патриархтар дәуірінен кейінгі бірнеше ғасырға тиесілі болып шыққан.  

islam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.