Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти қызметтік көліктің кілтін табыстады (ФОТО)

0 113

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

10 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлына қызметтік көліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Қызметкерлерді моралдық һәм материалдық тұрғыдан қолдап, оларды жұмысқа жігерлендіру – басшының міндеті. Біз өз деңгейімізде қолдан келген көмекті жасаймыз. Ендігі мақсат, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетіне өсиет еткендей, осы жұмысымызды жақсы көріп, дінге, елге қызмет етуде тиянақтылық танытуымыз тиіс. Әр ісімізді кәсіби түрде орындауға кірісейік. Ортақ мақсат ісінде жұмыла жұмыс істейік», – деп атап өтті кілтті табыстау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде Сансызбай қажы Құрбанұлы Бас мүфтиге алғысы мен шынайы ниеттестік тілегін жеткізді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.