Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ұйқының құпиясы

0 8  399

Адам баласы 40 күннен артық аштыққа шыдаса да, 11 күннен артық ұйқыға шыдамайды. 

Керек десеңіз, ұйқысыз өткен 3 күннен кейін, есін де жоғалтып қояды. Қазіргі жол апатының 3/1-і ұйқы қанбағандықтан болып жатыр.

Араб елдерінің өзінде, көбінесе күндіз ұйықтап, түнде тіршілік жасауға дағдыланған. Бірақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сол елге және бүкіл үмметіне Алла көрсеткен басқа “ұйқы әдебін” алып келген еді.

Ол дегеніміз – күндізді үшке бөлсе, алғашқы бөлігінде ұйықтау – ессіздікке, ортаңғы бөлігі – берекеге, соңғы бөлігі – кедейлікке әкелу.
Сізбен сөйлесіп отырған адам есіней берсе, сабақ оқыған адам есінеп отырса, намаз оқыған адам көп есінеп тұрса – ұйқы әдебін дұрыс ұстанып жүрмеуінен.

Алла тағала ең алдымен “Алақ” сүресінің 5 аятын, кейін “Қалам” сүресінің алғашқы аяттарын, содан кейін ” Мүзәммил”(Бүркенуші) сүресінің аяттарын түсіріп, Расулалланы (с.ғ.с) және оның үмметін дұрыс ұйқы тәртібіне үйретті.

Сондықтан, ұйқысы дұрыс жүйеге қойылған адамның – құлшылығы да, тіршілігі де дұрыс жолға қойылған болып саналады.

(Сира ғалымы Мұxаммед – Әмин Йылдырым дәрістерінен үзінді)
Аударған Қуат Қабдолда

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.