Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаман ауру туралы сайт іске қосылды

0 336

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

20 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстанда коронавирус туралы жаңа сайт іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтің Facebook парақшасына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

“Қазір азаматтарды коронавирусқа қатысты жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру ең маңызды мәселе. Кей уақытта қоғамды ақпараттандыру мен қарым-қатынастың жеткілікті дәрежеде тиімді болмай жатқанын мойындау керек. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда, www.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын. Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және т.б. барлық өзекті ақпараттар жинақталады. Оған қоса, сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер азаматтар пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген. Азаматтар үшін сайтта арнайы сұрақ-жауап айдары болады, ол жерде әрбір пайдаланушы өзіне қажетті сауалына жауап ала алады. Сіздерден осы мәліметті таратуды және сенімді ақпарат көздеріне ғана жүгінуді сұраймын”, – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.