Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Нұр астана» мешітінде «Рамазан шуағы» шарасы өтті

0 134

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

4 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Нұр Астана» мешіті Рамазан айының құрметіне «Рамазан шуағы» ауызашар тарату және «Жүрек жылуы» азық-түлік тарату шараларын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды ummet.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Осыған орай елорданың төрінде орналасқан «Нұр Астана» мешіті де жыл, он екі ай әр түрлі бағытта қайырымдылық шараларын жалғастырып келеді. Айталық, елімізде төтенше жағдай басталғалы «Нұр-Астана» мешіті имамдары ақысыз демалысқа шыққандарға, көпбалалы отбасыларға, жалпы көмекке мұқтаж жандарға «Жүрек жылуы» азық-түлік тарату акциясы аясында көмек көрсетуде.

Сондай-ақ, мешіт ұжымы Рамазан айының алғашқы күнінен бастау алған «Рамазан шуағы» ауызашар тарату қайырымдылық акциясын ай бойы жалғастырады. Алдағы уақытта жүзеге асатын игі істерге мұрындық болып, атсалысқысы келетін азаматтар +7 775 562 2044 нөмірі арқылы байланысуына болады.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.