Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Су тасқынынан зардап шеккен ағайындарға арнайы дұға жасалды

0 217

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түнінде арнайы бағдарлама жасалып, келген жұртшылықтың уақыты бос кетпей, бұл түнді рухнаи құндылықтармен байытып өткізуге барынша мүмкіндік жасауға тырысты.

Бағдарлама аясында ауызашардан кейін, бас имам Руслан Байзақов мешітке келушілерді қасиетті түнмен құттықтап, бұл түннің қадір-қымбатына тоқталды. Бұл түнде дұға-тілектердің қабыл болатынын еске салып,  еліміздің Батыс өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккен ағайынға арнайы дұға жасады.

Жұртшылық ағайынның басына күн туғанда алыста болса да жүрегіміз бір екенімізді білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚМДБ бас болып әрбір өңірлер тасқын судан зардап шеккен ағайынға көмек керуенін жөнелтіп жатыр. Соның қатарында астана мешіттері Қостанай өңіріне жалпы салмағы 25 тонна болатын азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар жіберген болатын.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.