Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни және цифрлық сауаттылық талқыланды

0 3  781

18 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев гранттық жобаны орындау шеңберінде онлайн-форматта ұйымдастырылған «2020 жылғы қазақстандық журналистика: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты қорытынды дөңгелек үстелге қатысты, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

«Қаржы, құқық, медицина, діни, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы проблемалық мәселелер бойынша ақпаратты халыққа жеткізу тиімділігін арттыру» атты гранттық жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылды.

2020 жылғы 12 қазаннан бастап 13 қарашаға дейін грант алушы өңірлік журналистерге арналған медицина, сондай-ақ қаржылық, құқықтық, діни және цифрлық сауаттылық тақырыптары бойынша оқыту курстарының 25 сессиясын онлайн-форматта өткізді.

Тренерлер ретінде халықаралық және қазақстандық журналистер, медиасарапшылыр, сала өкілдері сөз сөйледі.

Кемелбек Ойшыбаев өз сөзінде БАҚ-тың дамуындағы кадрлық әлеуетін және салалық журналистиканың маңызды рөлін атап өтті. Себебі мамандардың кәсіби біліктілігі сапалы және сұранысқа ие контент жасауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қазіргі заманғы журналистиканың негізгі проблемалық мәселелерін талқылады.

Іс-шараға «Forbes Kazakhstan» баспагері Арманжан Байтасов, «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова, «Business FM» радиостанциясының бас директоры Рустам Мақсұтов, «Inbusiness.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Мира Халина, құрметті судья, заңгер Бақытжан Жақыпов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Қалимаш Бегалинова және басқалары қатысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.