Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғылмани мешітінде “Рамазан шуағы” акциясы өтті (ФОТО+ВИДЕО)

0 82

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

5 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешіті қасиетті айға орай ірі көлемді қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен төтенше жағдай кезінде де ел мешіттері қайырымдылық шараларын қағыс қалдырған жоқ. Айталық, елорда мешіттерінде арнайы “Рамазан шуағы” арнайы акциясы аясында мұқтаж жандарға азық-түлік таратылып, ауызы берік адамдарға ауызашар жиынтығы жеткізілуде.

Қала мешіттерімен қатар “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешіті де қасиетті ай басталғалы бері  қайырымдылық шараларын жалғастырып келеді. “Рамазан шуағы” қайырымдылық акциясы аясында 100 адамға ауызашар таратып, 30 отбасына азық-түлік үлестірілді.

Осылайша, мешіт ақысыз демалысқа шыққандарға, көпбалалы отбасыларға, жалпы көмекке мұқтаж жандарға Рамазан шуағын сыйлады.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.