Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Халықтың тұрғылықты жерінен еркін шығуына қандай жағдайда рұқсат беріледі

0 385

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

11 мамыр. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – 7 күн бойы коронавирус жұқтыру өсімі 7 пайыздан аспағанда халықтың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беріледі. Бұл жайында ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова қол қойған ел халқын коронавирус инфекциясынан қорғау шараларын одан ары күшейту туралы қаулыда айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері 7 күн бойы COVID-19-ға шалдығу өсімінің деңгейі 7 пайыздан аспаған жағдайда 2 және одан да көп адамның әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бірге серуендеуі барысына міндетті түрде маска тағу арқылы тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беруді; 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасының мүшелері әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, саябақтарға, алаңдар, гүлзарларға және ойын-сауық нысандарсыз жағалауларға баруын рұқсат етсін», – делінген қаулыда.

Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық (3 адамнан көп топ немесе бір отбасы мүшелері) сақтай отырып аулаға шығуға, Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен қосымша талаптарды және күшейтілген санитарлық-залалсыздандыру режимін міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері арасында (әуе рейсімен) баруға/келуге рұқсат берілмек.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.