8 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті, деп хабарлайды ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.
Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада мешіттің әйел шәкірттері мен ұстаздарының қолынан шыққан түрлі тәттілер мен тағамдар жұма намазына жиылған жамағатқа ұсынылып, қайырымдылық саудасын қыздыра түсті.
Сондай-ақ, жәрмеңке сөрелерінен түрлі діни әшекей заттар мен әдеби-рухани кітаптар, мұсылман әйеліне арналған киімдер де орын тауып, керегін тапқан келушілердің ризашылығын тудырды.
Айта кетейік, қайырымдылық жәрмеңкесі әр апта сайын жұма күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Түскен қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады.