Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ (ФОТО)

0 4  631

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Еуразия мұсылман ғұламалары» форумына қатысушы делегациялармен кездесу өткізіп, арнайы қабылдау жасады. Еліміз бойынша тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға ат терлетіп жеткен Еуразия елдерінің дінбасылары мен қайраткерлері еліміздің Бас мешітін зиярат етіп, Серікбай қажы Сатыбалдыұлымен жеке-жеке кездесті.

Түркия Республикасы Дін істері басқармасы төрағаcының орынбасары, доцент Селим Аргун бастаған Түркия делегациясы. 

Татарстан мүфтиі Камиль Самигулинмен кездесу

Еуропа елдерінің дінбасылары: Украина мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ахмед Тамим, Латвия «Марджани» мұсылмандар қауымдастығының төрағасы Зуфар Заинуллин, Литва мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Ромас Якубаускас, Румыния мүфтиі Мұрат Юсуф, Польша мұсылмандары діни кеңесінің мүшесі Якубовский Мачей Стефан, Хорватия мүфтиінің орынбасары Арслани Мевлудимен кездесу.

Әзірбайжан, Белорусия және Ресей Федерациясының Ставрополь аймағының делегацияларымен кездесу.

SUNNA.KZ

Фотосуреттер мен ресми ақпарат MUSLIM.KZ порталынан алынды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.