Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кезекті онлайн Төралқа мәжілісі өтті (ФОТО)

0 99

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

3 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті онлайн Төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі

Мәжілістің күн тәртібінде халықтың сұранысы мен өтінішіне орай қажетті өңірлерде мешіт салу, мешіттерде санитарлық талаптарды сақтау, құлшылық үйлеріне кезекті дезинфекция шараларын жүргізу, т.б. мәселелер талқыланды.

Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мешітті салу кезінде мүфтият тарапынан бекітілген арнайы тәртіп ережесін сақтауға, құлшылық үйлерінің құжатын өз уақытында рәсімдеуге назар аударды.

Басқосуда облыстың бас имамдары Бас мүфтиге өңірдегі діни ахуалды баяндап берді.

Онлайн Төралқа мәжілісі соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Орталық аппараты мен облыс бас имамдарына нақты тапсырмалар берді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.