Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Жұма жылуы» қайырымдылық акциясы басталды (ВИДЕО+ФОТО)

0 1  075

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

29 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Жұма жылуы» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру, түрлі формада қайрымдылық шараларын ұйымдастыру Елордада өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің бағдарламалық баяндамасында басымдық берілетінін жеті бағыттың бірі.

Басым бағыттардың жұмысын жандандыру мақсатында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қайырымдылық жұмыстарына ден қойып келеді.

«Жұма жылуы» қайырымдылық акциясының алғашқы күні 30-ға жуық тазалықшы қызметкерлерге ыстық тамақ үлестірілді.

Айта кетейік, аталған қайырымдылық шарасы әр аптаның қасиетті күнінде елорданың көше тазалаушы қызметкерлеріне ыстық тамақ пен шай жеткізіп отырмақ. Осылайша, ел үшін еңбек еткен жандарға жылу сыйлауға бағытталған акция келесі жұма да жалғасын табатын болады.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.