Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО)

0 2  248

27-мамыр. Астана. Sunna.kz – Мешітімізде биылғы алғашқы ауызашар дастарханы жайылды.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, қасиетті Рамазан айының кіруіне орай, ел мешіттерінде ауызашар дастархандары жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнаулы ас мәзірі ұсынылады.

Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де жыл сайын тұрақты артқарылар іс-шаралар қатарында, үрдіске айналған. Биыл да өкілдіктің қадағалауымен ауызашар дастархандары жасалып, мыңдаған ораза ұстаушылар үшін арнайы тағам дайындалады.

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешіті де жыл сайынғы үрдіс бойынша, кәсіпкер азаматтар мен ауыз аштырып сауап алғысы келген азаматтардың демеушілігімен “Алтай”, “Халал”, “Әл-Маида” дәмханалары мен мешіт жанындағы арнаулы дастарханда Рамазан айының алғашқы ауызашары берілді.

Атап айтар болсақ, мешітте 262 адамға ауызашар берілсе, “Алтай” дәмханасында 120 адамға, “Халал” кафесінде 100 адамға ауызашар дастарханы жайылды. “Әл-Маида” дәмханасында 30 адамға арналған ауызашар берілді. Осылайша, Рамазан айының алғашқы күніндегі ауызашар дастарханынан 512 адам дәм татты.

“Алтай” дәмханасында:

Мешіттегі ауызашар дастарханы:

“Әл-Мадида” дәмханасында ауызашар:

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.