Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы өз сөзінде: «Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі – харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған. Асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады. Бұл жөнінде қасиетті Құран Кәрімде: «Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. (Мұхаммед Ғ.С.) егер олар саған келсе, араларына үкім бер, немесе олардан жүзіңді бұр. Егер олардан жүз бұрсаң, олар саған ешбір зиянын тигізе алмайды. Ал егер араларына үкім берсең, тура үкім бер. Шәксіз Алла турашылдарды сүйеді», (Мәида сүресі, 42-аят) -деген. Аяттағы «арам жеушілер» дегені – өзгенің мал-мүлкін иемденіп, ақысын жегендер. Құранның тағы бір аятында: «Араларыңдағы малдарыңды арам жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар», (Бақара сүресі,188-аят) – делінген. Мұны дана халқымыздың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп айтқан», -деп тұжырымдады.
muftyat.kz