Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әминді» намазда іштей айту абзал ма, әлде дауыстап айту абзал ма?

0 2  225

Бұл   сарапталып   алынған   мәселе   өзара талас-тартыс   тудырып   отырған   мәселелердің ішіндегі   ең   бірегейі   десек,   асыра   айтқандық емес. Әрине, бұл мәселе тап бүгінгідей ортаға қойылған   жоқ.   Керісінше,   намазда   «әмин» дауыстап  айтылады ма, әлде іштей айтылады ма дегенге негізделіп қойылды. Негізінде төрт мазһабтың   басында   тұрған   ғұламаларымыз, мұжтахидтеріміздің   барлығы   бір   ауыздан, намазда   «Фатиха»   сүресінен   соң   «әминді» айтуды   сүннет   деп   келіскен.   Ал   «әминді» дауыстап айту немесе айтпау жайлы екі түрлі жолды ұстанған.

Кейбіреулері –   Шафиғи   мен   Ханбали мазһабының   ғұламалары   «әминді»   дауыстап айтуды     абзал     санаған     болса,     кейбір ғұламаларымыз   әсіресе   Ханафи   мен   Малики мазһабының   ғұламалары   «әминді»   іштей айтуды абзал көрген.

Себебі     Пайғамбарымыздан     (с.ғ.с) риуаят етілген хадистерде екі жағына да дәлел табылған. Кейін әрбір тарап өздерінің не үшін бір   жағын   абзал   санағанын   түсіндіру   мақсатында   өз   дәлелдерін   келтірген   және   екінші тараптың дәлелдеріне де өз пікірлерін айтқан. Біз олардан хабарымыз бар ма, жоқ па белгісіз, бірақ тап осы мәселеде талас-тартыс (ихтилаф) шығарғанымыз анық. Енді болар іс болды десек те   бәрібір   пайдасы   болар деген   ниетте Алладан   көмек   сұрап,   осы   мәселе   бойынша нендей   әңгіме   сөздер   болғанын   түсініп, бағамдауға   бір   талпынып   көрсек   деген   үміттеміз.

Тақырыпқа   кіріспес   бұрын  мынаны айтып   өткеніміз   абзал   болар,   осыны   жазып отырған қызметшілеріңіз өзі ұстанған мазһабқа байланысты намазда «әминді» ішінен оқитындарға да, «әминді» намазда дауыстап айтатындарға да өз құрметін білдіреді. Әсіресе, осы мәселеде ижтихад жасаған сәлафи салих ғұламаларымыздың   барлығына   құрметпен   бас   иеді. Олардың   еш   қайсыларына   сәл   болса   да   бір орынсыз пікір немесе соған ұқсас сөздер болмауын ниет етеді. Себебі ол ғұламаларымыз істеген ісі тура болса екі сауап, қателескен болса бір сауап алып кеткен. Өткендерімізге, әсіресе өткен   ғұламаларымызға   құрмет   ету   біздің борышымыз.

Материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.