Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран жаттаудың рахатын білген адамға барлығы жеңіл

Құран жаттаудың рахатын білген адамға барлығы жеңіл

0 41

Жетістік жолы – қиын емес. Талпынсаңыз Алла береді. Тек талап етілетіні – әрекет. Майк Тайсон чемпион болу үшін қаншама сағатын тренировкаға арнады. Хабиб чемпион болу үшін қаншама тер төкті. Наполеон Бонапарт қаншама түнін ұйқысыз өткізді. Майкл Джордан жетістікке жету үшін нәпсісін жеңе білді. Бұл қазіргі адамдардың мысалы.

Бізге өнеге болатын, үлгі тұтатын мысалдардың бірі – Ислам үшін қанын төккен, қаншама соғысқа қатысқан, өмірлерін Алла жолында өткізген, Шыншыл болған Әбу Бәкір (р.а), әділ болған Омар (р.а), екі нұрдың иесі Осман (р.а), Батыр болған Әли (р.а), Алланың арыстаны болған Хамза (р.а), ашарату мубашара, Алла жолында өмірін өткізген қаншама сахабалар үлгі.

Мысалы, уақыт, күш, сабыр, кейде қаражат. Сіз сол жолда уақытыңызды арнау керексіз. Күшіңізді жұмсап, кейбір түндерді ұйқысыз өткізу керексіз. Нәпсіңізбен күресіп, әрдайым өзіңізді жеңіп отыру керек. Осындай емтиханнан өткен соң сіз жетістікке жетесіз. Онсыз сіз ешқандай жетістікке жете алмайсыз.

Қазір қиналсаңыз ертеңгі күні жемісін көріп, рахаттанып жатасыз. Қазір рахаттанып жүрсеңіз,(зона комфорта) ертеңгі күні нәтижесіз қалу пайызы жоғары. Нәпсі қиналып жатса да, ауыр болса да, артынша қуаныш келетінін ұмытпаңыз. Алла Тағала сізге бір сый дайындап қойды. Қуаныңыз, қайғырмаңыз.

Сол себепті қазір қиналып жүрсеңіз, ертеңгі күні жемісін көретініңізді біліңіз.Алла разылығы үшін сабыр сақтаңыз. Осы жолда 2-3 жылыңызды арнасаңыз, өмір бойы жемісін көресіз. 2-3 жылыңызды бекер өткізсеңіз, өмір бойы өкініп өтуіңіз мүмкін. Бұл жол аса қатты қиын емес. Бір ләззәтына кіріп алсаңыз болғаны. Құран оқудың, жаттаудың рахатын біліп алсаңыз, ары қарай жеңіл болады.. Сол себепті еш қорықпаңыз, батыл әрекет жасап, алдыға қарай жүре беріңіз.

материал «Қарилыққа қадам» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.