Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІМЕН БАЙЛАНЫС БЕКИДІ (ФОТО)

0 2  061
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Заид бин Сұлтан әл Нахайянның Гуманитарлық және Қайырымдылық қорының Бас директоры Хамад Салим бин Кардус мырзаны қабылдады.

Кездесуге Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед әл-Джабер де қатысты.

Басқосуда екі елдің мәдени-рухани саладағы байланысы сөз болды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстанда әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің дінаралық достық пен келісімді нығайтудағы рөлі жайлы пікір алысты.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезіне қатысып, ортақ мақсатқа қолдау көрсеткен Біріккен Араб Әмірліктері делегациясына алғысын жеткізді.

Хамад Салим бин Кардус бастаған делегация Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратын аралап, екіжақты ынтымақтастықты арттыруға мүдделестік танытты.

Кездесу соңында Бас мүфти мен Бас директор білім-ғылым, қайырымдылық бағытында ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.