Ораза айт — Рамазан айынан кейінгі Шәууәл айының бірінші күні, мұсылмандардың маңызды діни мерекесі. Исламдағы екі айт мейрамының бірі. Бұл күні мұсылмандар мешітте жиналып жамағатпен айт намазын оқиды және бұл күні ораза ұстауға тыйым салынған. Ендеше ораза айтты қалай дұрыс өткізуге болады? Айт намазына дейін қандай амалдар жасап үлгеруіміз қажет? Әйел адамдарға бұл күні қандай тыйымдар салынған? Бұл туралы материалымыздан оқи аласыздар.
Рамазан айының уақыты айдың фазалық өзгеруіне байланысты айқындалатындықтан, мерекенің нақты күні жоқ. Ораза Айт 2018 жылы Қазақстанда 15 маусымда басталады. Мұсылмандар ұжымдық намаз оқығаннан кейін – ид-намазы басталады.
Мерекенің тарихы мен маңызы
Ораза айт Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын берекелі мейрам және бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті күн.
Рамазан айы – ислам күнтізбесінің тоғызыншы айы және бұл күні әр мұсылманның ораза ұстауы талап етіледі. Отыз күн ораза ұстаған адам жаман әдеттерден тиылып, нәпсісіне шектеу қояды. Яғни, күнделікті ішіп-жеу, бос сөз сөйлемеу сияқты жағымсыз әдеттерден арылады.
Ораза Айт – кешірім мен мейірімділік мерекесі. Бұл күн бейбітшілік пен келісімнің жаңа айы. Мейрам басталар уақытта адамдар жаман ойларды санасынан өшіріп, жан дүниесін рухани тазртуы қажет. Мұсылман қауымы оразадан кейін Құдайдың дұға-тілектерінің орындалатынына сенеді.
Аталмыш мереке, 624 жылы Мұхаммед пайғамбардың шешімімен белгіленді және ислам күнтізбесінің тоғызыншы айында барлық мұсылмандар үшін қасиетті кітап – Құран және жазбаша Забур, Інжіл, Таурат кітаптары түсті.
Мереке қалай тойланады
Ораза Айт Рамазаннан кейін келетін Шәууәл айының алғашқы күні. Ораза Айт Ид- аль- фитр мерекесі деп аталады. Шын мәнісінде, бұл мереке тек бір күнге созылады. Алайда, қалған екі күнде мереке күндері болып есептеледі.Ораза айттың бірінші күні Алматы қаласында таңертеңгі дұға аяқталғаннан кейін сағат 6:00-де мешіттерде басталады. Мерекелік уағыздың басталуы әр аймаққа байланысты өзгеріп отырады.Көптеген мұсылман елдерде Ораза Айт мерекесі демалыс күні болып табылады.
Ораза айт күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе?
Мұсылмандар арасында Ораза Айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген мәлімет кең тараған. Алайда, Айт күні Рамазандағыдай сәресі ішудің қажет жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек, айт намазына шығарда тақ санды: 1,3,5,7… құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болып табылады.
Егер кімде кім сәресі ішкен болса, немесе айт намазы алдында тамақтанған болса бұл нәрсеге де тиым салынбаған.
Мерекенің дәстүрлері
Дәстүр бойынша мерекеде мұсылмандар бір-біріне «Иб Мубарак» деген сөздермен сәлемдеседі. және «Ораза Айт кббыл болсын!».) деп жылы лебіздерін білдіреді. Мешіттер аумағында арқан тарту, армрестлинг, ән және би сайыстарын өткізу үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Ораза Айткүні жаңа және таза, әдемі киіммен қарсы алу керек. Шкафтағы ғана емес, үйдегі ескі, ескірген нәрселерді де жаңартқан жөн. Адамның ойы да таза болуы керек.
Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын».
Қатаң оразадан кейін жеңіл тамақ өнімдері – жеміс-жидек және сүт өнімдері бар. Мешітке бармас бұрын, Мұхаммед пайғамбар сенімдеріне сәйкес істегендей, бірдеңе дәмді, мысалы, дәмді тағамдарды жеп қой.
Ораза айтта мұсылмандар зираттарға барып, марқұмдарды еске алады. Мерекеде адамдар ақсақалдарға барып, балаларға, жетім балаларға, жалғыз адамдарға, жесірлерге және кедейлерге сыйлықтар жасайды.
Мерекеден бұрын не істеу керек
Ораза айт алдымен мешіттен бастау алады. Күллі мұсылман таң атысымен Алланың үйіне қарай ағылып, алдымен құлшылық жасайды. Мешітке бармас бұрын нені ескерген жөн? Пайғамбарымыздың (ﷺ) көрсетіп кеткен төмендегідей амалдарын істеу сүннет болады:
- Ғұсыл алу. Жуынғанда дененің барлық бөлшектеріне су баруын қадағалау керек. Ауыз қуысы мен мұрынды да шаюды ұмытаңыз.
- Мисуак қолдану.Мисуак болмаған жағдайда тіс пастасы, щеткасын да қолдансаңыз құба-құп. Бастысы – ауыз қуысының тазалығы мен жағымсыз иістен арылу. Алайда Пайғамбарымыздың (ﷺ) әрдайым қолданған мисуактың пайдасы ұшан теңіз. Мұны да ұмытпағайсыз.
- Жақсылық жасау.Біреуге қол ұшын созу.
- Ең тәуір әрі таза киім кию.Киіміңіз жаңа не болмаса таза болғаны дұрыс.
- Намазға ерте бару.Қолыңыздан келгенше Құран тыңдап, дін өкілдерінің уағызын естуге үлгеріңіз. Кейін айт намаызын оқып хұтба тыңдаңыз.
- Мешітке бармай тұрып, үйден тәтті-дәмнен жеп шығу.Алла елшісі жасағандай тақ сан болатындай 1-немесе 3 құрма жеу.
- Мешітке барар жолда тәкбір айту.«Алла ұлық» деп Раббымызға мадақтар айтқан жөн.
Айт намазын оқу
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.
Айт намазы үшін азан айтылып, қамат түсірілмейді. Намазға бет алған кезде бір жолмен барып, екінші жолмен қайту сүннет болып саналады. Пайғамбарымыз (с.а.у) мүбарак хадисінде: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айт күні мешітке барған жолымен қайтпай, басқа жолмен қайтатын».
Намазға шығар алдында құрма жеп шығу
Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.
Ораза Айт алдында пітір садақасын беру
Пітір садақасы Рамазан айында, яғни Рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады. Қазақстанда қайырымдылықтың минималды мөлшері 300 теңгені құрайды.
Пітір садақасы мұсылмандарға һижра жыл санауы бойынша екінші жылы шағбан айында парыз болды. Бұл жөнінде пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде келген: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдарға рамазан айында пітір садақасын беруді парыз етті». Пітір садақасының мөлшері жыл сайын шариғат бекіткен азық-түліктердің бағасына байланысты өзгеріп тұрады.
Дастарханға не дайындау керек?
Мерекелік үстелде дәстүрлі түрде қойдың еті, зәйтүн майы, финики, нан және пісте тағамдары болуы керек. Ораз айт мерекесінде дастарханды тәттілермен де безендіруге де болады.
Тәкбір айту
Айт күндері тәкбір (Алланы ұлықтау) айту дінде заңдастырылған амалдардан. Алла тағала Құран кәрімде:
{ وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَى مَا هَدَاكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ }
Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.
Имам әз-Зухри былай деп баяндайтын: “Адамдар тәкбірлерді айт күні үйінен шығар кезде намаз орындалатын жерге барғанға дейін және имам көрінгенге дейін айтатын. Ал имам көрінген кезде, олар имам тәкбір айта бастағанға дейін тынышталатын, ал содан соң олар тағы да тәкбір айтатын”.
Осы мереке күні әйелдер не істей алмайды?
Шариғат заңына сәйкес, мерекелік түні мұсылман қауымы такбир айтады – «Аллаһу Акбар» мағынасын білдіреді, ал бұл сөз «Алла ұлық» деген мағына.
Әйелдерге ерлердің қатысуымен Такбирді қатты дауыстап айтуға тыйым салынады. Такбир уақыты мерекелік күннің басталуымен айтылады. Ислам дінінде әйел адамға жұма және мерекелік намазды орындау міндеттелмеген, бірақ дұға-тілек тілеулеріне тыйым салынбаған.
Намаз оқу барысында әйел адам ер адамнан алыс тұрғаны абзал. Жазбаларға сүйенсек әйел адамның физикалық табиғаты ер адамды азғырады. Сондықтан да меркелік күндері әйел адамның мешітке барып намаз оқуы міндетті емес. Керісінше үйде отырып оқылған намащы мен дұға-тілектері екі есе қабыл болады.
Рамазан айында қарыз болған күндер
Белгілі бір себептермен мұсылман Рамазан айында ораза күндерін өткізіп алған болса, онда ол қарыз күндерін өтеуге тиіс. Мұны Ораза Айт мерекесінен кейінгі күні жасауға болады.
Ораза Айт 21 тамызда басталатын Құрбан айттың шағын мерекесі. Құрбан айт үлкен мереке және бұл демалыс күні болып есептеледі.
Қуаныш, шаттық көрініс табу
Айт барша мұсылмандандың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкиген шалға дейін сезінуі тиіс. Сыйлықтар таратылып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастырылуы абзал амалдардан. Жүзден аса ұлт өкілі тұрып жатқан еліміздегі әрбір азамат осы мерекенің лебін сезінуі қажет. Ұлтаралық, дінаралық байланысты күшейту мақсатында айт мейрамына орай құттықтаулар таратылып, арнайы дастархандар жайылады. «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» деген хадисті негізге алған қазақ даласында қонақ кәдесі, сүйінші, байғазы, тағы басқа адамдарды жақындыққа апаратын амалдар көп. Солардың бірі – айттық сұрау. Айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанды қазақ бетін қайтармай қолда бар сыйлықтарын аямаған. Міне бұл ғасырлар өте дәстүрге айналып, бүлдіршіндер үшін айттың бір керемет көрінісі болып есте қалған.
Мұсылмандардың бірін-бірі құттықтауы
Намаз біткен соң мұсылмандар қол алысып, төс қағысып, бір-бірін Айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды. Хадисте келгендей, айт күні пайғамбарымыз (с.а.у) адамдарға былай деп айтқан:
يَا أَيُّها النَّاس أَفْشُوا السَّلامَ وَأَطْعِمُوا الطَّعامَ وَصِلوا الْأَرْحَامَ وَصَلوا بِالليلِ وَالنَّاسُ نِيامٌ تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلَامٍ
«Ей, адамдар, бұл күні сәлем жайыңдар, тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты күшейтіңдер және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, еш алаңсыз жәннатқа кіресіңдер»[8] деген. Сол секілді өзі жақсы көрген бауырын айт күні зиярат етуі мұсылман адамды үлкен сауапқа кенелтеді. Пайғамбарамыздың хадисінде : «Бірде-бір адам айт күні көрші ауылдағы досын зиярат етуге жолға шығады. Жолда оған Алла періште жіберіп, ол адамнан : «Қайда бара жатырсың» , деп сұрайды. Ол: «Бұл ауылда бір бауырым бар еді, соған бет алдым». Періште: «Бір шаруаң бар ма еді ол адамда». Ол: «Жоқ, мен оны Алла разылығы үшін жақсы көрем сол үшін» дейді. Сол кезде періште: «Алла мені саған жіберді, сен ол адамды жақсы көргенің үшін Алла да сені жақсы көрді» [9]дейді.
Әсіресе, осы мереке күні ата-анаға деген мейірімділік оларға сый-сияпаттар жасау игі амалдардан.
Ораза күні қайыр жақсы амалдар күні болғандықтан жетім-жесірлер, кедей-кепшіктер жомарт, рақымды жандардан мейірім лебін сезгісі келетіні анық. Осы күндері төмендегі адамдарға жақсылық жасаған абзал:
– Жесір әйелдер мен міскіндерге көмектесу, үйлерін қуанышқа бөлеу. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Һурайрадан келген хадисінде: «Жесір әйелдер мен міскіндерге жәрдем еткен адам Алла жолында жиһад жасаған адаммен бірдей», деген[10].
– Жетімдерге көмектесу. Алла тағала Құран кәрімде:
{ وَاعْبُدُواْ اللّهَ وَلاَ تُشْرِكُواْ بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالجَنبِ}
Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар.[11]
– Айт – басқаларға кешірім жасайтын күн. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдолла ибн Амрудан (Алла одан разы болсын) келген хадісінде Алла елшісінен адамдардың ең жақсысы кім деп сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Әрбір жүрегі пәк, тілі шыншыл адам» деді. Сахаба: «Тілі шыншыл деген түсінікті, жүрегі пәк дегенді қалай түсінеміз» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жүрегі пәк дегеніміз – тақуа, таза, ыза және көре алмаушылықтан ада адам»[12] деді.
Қорыта келе Айт мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігі – қуаныш шаттықпен бірге Аллаға деген құлышылықтың қатар жүруінде, суып бара жатқан туыстық қатынастардың қайта жандануы, ашу, ыза кернеген жүректердің жібіп, Алланың рақымын талап етуі, өмірді қайта саралауға мүмкіншілік алу, өмірдің мәнін түсініп, Аллаға деген құлшылын күшейту.
«Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар» деп атамыз қазақ айтқан, осындай ұлы күндерімізді ұлықтайық!