Бұл мешітте әкімдіктің штабы құрылған. Барлық терезесі шағылған.
Атыраулықтар мешіт пен сол жердегі 400-ге жуық үйді жөндеп береді. Бауыржан Есмахан Атырау облысы әкімінің орынбасарымен сұхбаттасып, алғыс білдірді.
Наиб мүфти Жұма уағызында арыстық жамағатпен жүздесті. “Қайырымдылық қайырлы – іс” тақырыбында насихат айтты. Бас Мүфтидің сәлемін жеткізді.
Жұма намазын өзі жүргізді. Жергілікті жамағат Төраға орынбасарына ризашылықтарын білдіріп, қиындықта дін қызметкерлерінің орталарынан табылып жатқанына қуанып қалды.
Бауыржан Әбдірашұлы намаз соңынан ақсақалдармен тілдесті. Арыс қалалық орталық “Ысқақ” мешітінде өкілдік атынан шүкіршілікке ас берілді.