Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АСТАНАДАҒЫ АЙТ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚПЕН ҮЙЛЕСКЕН ШАРАЛАР (ФОТО)

0 1  259

Бүгін Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп жатқан мерекелік шараларға қатысты, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешіт ауласында тігілген киіз үйлерді аралап, ұлттық спорт түрлерінен өтіп жатқан спорт жарыстарын тамашалады. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтап, марапаттады.

Мешіттің тұрақты жамағаты – ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды ораза айтпен құттықтап, ізгі ниеті мен тілегін жеткізді.

Айта кетейік, Бас мүфти тапсырмасымен отблыстық мешіттерде де ораза айт мейрамы ұлттық нақышта тойлануда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.