Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Шымкент құс» ЖШС-ға «Халал Даму» сертфикаты табыс етілді

0 1  528

«Шымкент құс» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан балапан өсіру және тағамдық жұмыртқа алу үшін құс ұстау технологиялық циклымен жұмыс жасайтын ірі кәсіпорындардың біріне жатады.

Күніне 250 мың дана жұмыртқа өндіретін бұл кәсіпорын өзінің жұмысын 2006 жылы бастады.

Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын және тауық етін өндіру болып табылады. Жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасайды.

Еттің сапасы жеген жеміне байланысты болғандықтан, жемнің құрамын лабораторияда жиі тексеріп тұрады. Барлық техникалар компьютерлендірілген, сол арқылы жем мөлшерінің көрсеткіштерін бақылап тұруға болады. Құс басына берілетін мөлшер көрсетіледі.

«Шымкент құс» фабрикасы қазақстандықтарды сапалы табиғи өнім-жұмыртқамен қамтамасыз етіп отырған бірегей компания. Бүгінде Отандық өндірісте үлесі мол серіктестік өнім түрін ұлғайту мақсатымен бройлер тауық етін өндіруді де қолға алды.

Фабрикада 150 мыңға жуық бройлер тауық бар. Сағатына 2 мың құс союға қауқарлы. Ерекше атап өтерлігі, аталмыш құс фабрикасында барлық тауықтар шариғат талаптарына сай қолмен сойылады. Тәулігіне 7 мың бройлер құс етін дайындауда. Осылайша тұтынушыларды Отандық сапалы, қауіпсіз құс етімен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Фабрикада 250 жуық адам жұмыс істейді.

Шымкент құс фабрикасының өнімін сараптамадан өткізу арқылы «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерін өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар» атты стандарттарына сәйкес келеді деген қорытынды жасалып ҚМДБ «Халал Даму» сертфикаты табыс етілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.