Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Қажетсіз нәрселерді тастағаны – адамның жақсы мұсылман болғаны»

«Қажетсіз нәрселерді тастағаны - адамның жақсы мұсылман болғаны»

0 18

Ханафи ғұламасы Әбу Ләйс әс-Сәмарқанди былай дейді: 

«Абдулланың ұлы Мұхаммед былай деген еді:

  1. Кім бөтен әйелдерге қараудан көзін сақтаса, оған тақуалық беріледі.
  2. Кім тәкәппарлануды тастаса, оған кішіпейілділік беріледі.
  3. Кім көп сөйлеуді қойса, оған даналық беріледі.
  4. Кім көп тамақ жеуді доғарса, оған ғибадаттың тәттілігі беріледі.
  5. Кім әзілқойлықты тастаса, сұлулық беріледі.
  6. Кім күлкіні тастаса, оған ұлыға тән қасиет беріледі.
  7. Кім біреудің дүниесіне көз салуды қойса, оған деген адамдардың сүйіспеншілігі беріледі.
  8. Кім біреудің айыбын тергіштеуді, біреуді аңдуды тастаса, оған өзінің айыбын дұрыстайтын қасиет беріледі.
  9. Кім Алла Тағаланың есім-сипаттарына қатысты екі ойлылықты тастаса, оған күмән мен екі жүзділіктен құтылу беріледі».

Әбу Ләйс әс-Сәмәрқанди айтады:

«Үш нәрсе жүректі қатайтады: 

  1. Таңырқаусыз күлкі (немесе бос күлкі).
  2. Ашықпай тамақ жеу.
  3. Қажетсіз сөйлеу»1.

1  «Тәнбиһуль Ғофилин».

материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.