Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің 45-мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген «Пәтуалар жинағы» кітабы V томының және «Ғибадат тұтқасы. Мұхтасар әл-Құдұри» кітабы ІІ томының танытымы өтті.
ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Осы уақытқа дейін Ғұламалар кеңесі маңызды кітаптардың жарық көруіне атсалысты. Кеңес отырыстарында 18 кітап талқыланып, баспаға ұсынылды. Бүгін міне, Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар жинақталған «Пәтуалар жинағы» кітабының V томын таныстырып отырмыз. Бұл еңбектердің қоғам үшін пайдасы мол. Аталған кітаптарға сіздер де үлкен үлес қостыңыздар. Баршаңызға Алла разы болсын!» – деді.