Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

“С.Ғылмани” мешіті: айттық дастарқаны берекелі болды

0 1  482

Әр діни мереке сайын, тіптен аптаның әр күнінде мешіт жамағаты арасынан демеуші азаматтардың жомартығының арқасында, үнемі берекелі дастарқан жайлып жатуы – әлбетте, жамағат арасындағы жылы қарым-қатынас, аралас-құраластық, береке-бірлікке ұласатыратыны анық. Осындай ізгі ниетті амалдар “С.Ғылмани” мешітінде үнемі жалғасын тауып келеді. Соның айқын бір көрінісі – бүгінгі қасиетті Құрбан айттың үшінші күні демеуші заматтардың көмегімен, айттық дастарқаны жайылды. 

Арнайы жайылған дастарқан басында ұстаз Серікбол Хаманұлы туыстық қарым-қатынас жайлы тағылымды уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, Құран оқып дастарқан жайған азаматтардың ата-бабаларына дұға бағыштады. 

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.