Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен алқалы жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2018 жылы атқаратын жұмыс жоспары талқыланды.
Жиналыста насихат жұмыстарын жандандыру, ақпараттық түсіндірме шараларын жоғары деңгейге көтеру, мүфтияттың қайырымдылық іс-шараларын пысықтау, діни сауат ашу курстарының сабақ кестесі, пәтуалар тақырыбын бекіту, т.б. мәселелер сөз болды.