Семинардың бірінші күні әйел ұстаздарға «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің бас имамы, белгілі теолог Нұрлан Рамазанов теріс ағымдар жайлы дәріс оқып, эктремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізудің тетіктері мен жолдары жайлы түсіндірді.
Екі күнге созылған семинар аясында әйел ұстаздарға әлеуметтік желіні пайдалану әдебі мен қосымша артықшылықтары жайлы да айтылды. Ғаламтор желісіндегі дін насихатын дамыта түсудің түрлі тетіктері көрсетіліп, қатысушылар үшін қажетті мәліметтер берілді.
Дереккөз: Muslim.kz