Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Имамдар форумына дайындық барысы талқыланды (ФОТО+ВИДЕО)

0 1  755
Бүгін Елордадағы ҚМДБ бас кеңсесінде осы айда өтетін ІІІ Республикалық имамдар форумына дайындық барысы талқыланды.

Алқалы жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев және бөлім басшылары қатысты. Өз кезегінде Марат Алмасұлы Діни басқармаға Министрлік тарапынан қашан да қолдау бар екенін айта келе, форумда қабылданатын құжаттың тарихи маңызы зор деді.

«Бұл құжат жастарды жат ағымнан сақтандырып, имамдардың мәртебесін айқындап бермек. Яғни мұсылманның екі қанаты бар десек, діни ұстаным мен ұлттық құндылықтар осы жерде түгел қамтылады. Елдің болашағына байыппен қарайтын кез-келген адамға ой салуы тиіс. Оның қайырымды, үлгілі, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол болуына әсер етуіміз керек»,- деді вице министр.

Сонымен қатар алдағы уақытта Ислам дінін насихаттаған кешегі жыраулар, ақындар, абыздар мен билердің өмірінен топтама дайындау қолға алынбақ.

Жиын соңында Министрлік пен Діни басқарма қайырымдылық, зекет бойынша бірқатар жұмыстарды бірігіп атқаруға уағдаласты.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.