Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АЛМАТЫДА КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

0 1  454

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен 2019 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісі басталды.

Мәжіліске бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшілері – Балтабай Мекежанов, Бижігіт Нұржігітұлы, ҚМДБ бөлім басшылары мен республикалық маңызы бар қалалар мен облыс имамдары қатысуда.

«Төралқа мәжілісінің негізгі жұмыс бөлімі – бас имамдардың жылдық есеп беруі. Осы жылы бас имамдардың жұмысын балдық жүйемен бағалаймыз. 2019 жылы атқарылған іс-шаралардың есебі электронды нұсқа негізінде, яғни бейне, фото, слайд бойынша қабылданады» деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Айта кетсек, бас имамдар уағыз-насихат, пәтуа беру, қайырымдылық, халал стандарттау, деструктивті ағымның ықпалында жүрген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттық насихат, мешіт істері, діни білім және кадр даярлау, т.б. бағыттар бойынша есеп беруде.

Төралқа мәжілісі екі күнге созылады.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.