Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

1 ЖЫЛДА 117 БАСПАНА БЕРІЛДІ

0 1  627

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қорының ұйытқы болуымен 2019 жылы баспанаға аса мұқтаж отбасыларға үй берілді. Бұл «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында жүзеге асты.

«Жалпы республика бойынша 173 баспана әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілді. Тек осы жылы ғана 117 баспананың кілті табысталды. Жобаның мақсаты –  қор тізіміне тіркелген көпбалалы, мұқтаж отбасыға көпшіліктің көмегі арқылы пәтер сатып алып беру. Қайырымдылық жасауға мұрындық болу арқылы қор қызметінің бірізділігін көрсетіп, қоғамда зекет пен садақаның маңыздылығын насихаттауды қолға алдық. Ортақ мақсат бір-бірімізді игі шараға үгіттеп, ізгі іске үндейді. Бұл қолдау әрбір жанды жақсылыққа шақырып, қоғамда ерекше орынға ие болған әр азаматтың үлесін айқындайды. Осы ретте жобаға үлес қосқан барша азаматтарға Алланың жақсылығы жаусын дегім келеді» дейді ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.