10 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өтіп жатқан «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.
Президенттің құттықтау сөзі LED экранда бейне жазбада берілді. Мемлекет басшысы ең алдымен форум қатысушыларын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, IV республикалық имамдар форумы мүфтияттың ұйымдастырушылық қызметін жаңа бір белеске көтеріп, рухани бастамаларға тың серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар форум жұмысына жаңа жетістіктер тіледі.
Айта кетсек, форум мақсаты – мұсылман қауымы арасында ұлттық рухани дәстүрлерге негізделген діни рәсімдер мен жоралардың мәдениетін қалыптастыру және зияткер имам мәртебесіне лайықты дін қызметкерлерін іріктейтін құжаттарды қабылдау.
Форумның қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданады. Аталған құжаттар жұртшылық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіруге және зияткер имам мәртебесін беруге лайықты дін қызметкерлерін іріктеуге оң ықпалын тигізбек.
Тоқае