Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти: Ата-ана – балаға мәңгілік медресе (ФОТО)

0 1  442

2 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында орналасқан «Жанұя орталығында» болған кездесуде осылай деді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Расында ата-ана – балаға мәңгілік медресе. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген тұжырымды сөз бар. Халық даналығында «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер» деген сөз тектен тек айтылмаса керек. Сондықтан бұл «Жанұя орталығының» қызметі мен қоғамдағы рөлі өте маңызды. Өйткені мұсылманның мұраты – иманды, ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Балаға әкенің берер ең жақсы сыйы – тәрбие», – деген. Бұл – тәрбиенің маңызын меңзейтін хадис. Бір ғұламаның «Бала қымбат болса, тәрбиесі одан да қымбат» деген сөзі бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ислам және отбасы» жылы аясында игі шараларды жүзеге асырып келеді. Біз өз тарапымыздан сіздерге қолдау көрсетуге дайынбыз» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Орталықтың жұмысымен жан-жақты танысқан ҚМДБ Төрағасы мүфтияттың «Отбасым» кітапшалар топтамасын сыйға тартты.

Айта кетейік, Мұнайлы ауданындағы «Жанұя орталығы» аналарға тиісті кеңес берумен бірге оларға әлеуметтік жәрдем береді.

p style=”text-align: justify;”>

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.