Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Балалар үйіне сыйлықтар тарту етті (ФОТО+ВИДЕО)

0 1  211

2 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – 1-маусым – балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған діни қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығын» зиярат етіп, мерекелік сыйлықтар тарту етті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Карантин режиміне сәйкес Бас мүфти ғимарат қақпасы алдында Балалар үйінің басшылығымен жүздесіп, бүлдіршіндерге арналған түрлі ойыншықтар мен тәтті тағамдар, жеміс себеттерін табыстады.

Егемен еліміздің ертеңі болатын жас жеткіншектерге ізгі тілегін жеткізіп, арнайы дұға жасаған Наурызбай қажы Тағанұлы тәрбиеші апайларға да алғысын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. Өз кезегінде мекеме директоры Бибігүл Сайлаубекқызы да қашанда ҚМДБ тарапынан, мешіттер атынан қамқорлық көрсетіліп келе жатқанын атап өтіп, өз ризашылықтарын айтты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.