Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өңірдегі діни ахуал талқыланды (ФОТО)

0 971

11 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Ресми кездесуге ҚМДБ тарапынан Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қатысты.

Аймақ басшысы Кереку өңіріне келген Бас мүфти бастаған делегация жұмысына табыс тіледі.

«Павлодар облысындағы діни ахуал менің жіті назарымда. Қазір бұл өңірде 96 мешітіміз бар. 96 мешітте 132 дін қызметкері жұмыс істейді. Осы ретте, біріншіден, дін қызметкерлерінің ақпараттық-насихаттық жұмыстарына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілсе деген тілегім бар. Өйткені, халыққа дұрыс діни ақпарат тарату – баршаға ортақ іс. Екіншіден, имам-молдалардың діни білімі мен тәжірибесін арттыру бағытындағы шараларымызға да қолдау көрсетілсе игі іс болар еді.  Біздің мақсатымыз ортақ: халықтың игілігі мен бірлігі үшін қызмет ету. Алла Тағала ортақ мақсаттағы жұмысымызға жар болсын», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесуде облыс әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы дін қызметкерлерінің білімін арттыру, жастар арасында діни ағартушылық шараларды жүргізу, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау жұмыстарында ынтымақтастықты арттыруға ниет білдірді.

Басқосуда киелі өңірдің төл перзенті, ғұлама Мәшһүр Жүсіптің мұрасы мен өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығы сөз болды. Бас мүфти мен облыс әкімі осы бағытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.