Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия мүфтиін қайта сайлануымен құттықтады

0 550

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Али Ербаштың Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы болып қайта сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Бас мүфти Али Ербаштың дін саласындағы көпжылғы тәжірибесі мен Ислам құндылықтарын бағалап, алға жетелеу жолындағы ізгі істеріне тоқтала келіп, игі тілегін білдірді.

«Сіз қай кезде де Исламның шынайы жанашыры болып, асыл дінімізді ардақтау жолында сүбелі үлес қостыңыз. Өзіңіз қолға алған баянды бастамалар жүйелі жалғасын табады деп білемін.

Өзіңіздің сеп болуыңызбен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Түркия Дін істері басқармасы арасында алтын көпір қаланды. Алдағы уақытта да асыл дініміз үшін ауадай қажет толайым жұмыстарды бірлесіп атқарып, өзіңізбен ынтымақтаса еңбек етіп, екі ел арасындағы рухани байланысты әрі қарай жетілдіріп, тарихи бауырластықты нығайта түсеміз деген сенімдемін» делінген құттықтау хат мәтінінде.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.