Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаңбыр-бұршақ, жел, тұман – сәрсенбіге арналған ауа райы

0 1  004

17 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Сәрсенбі күні елімізде найзағайлы жаңбыр жауып, жел күшейеді, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

17 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Орталықта, солтүстікте және шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жауады.

Алматы, Түркістан, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Атырау облысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Павлодар, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.