Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Коронавирус жұқтырғандардың саны неліктен өсіп барады

0 906

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны неліктен артып бара жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Науқастардың санының өсіп бара жатқан себебі – әлеуметтік, еңбек қатынастары бойынша, отбасылық байланыстың, қарым-қатынастың артуында жатыр. Себебі жұқтыру жағдайларының сипаты ұқсас: не еңбек ұжымдарында, не отбасының өз ішінен шығуда. Өкінішке қарай, адын алу шараларын сақтамаудың салдарын көріп отырмыз. Адамдар маска тақпайды, әлеуметтік қашықтықты сақтамайды. Сонымен бірге, өз жұмысын бастап кеткен нысандарда санитарлық-дезинфекциялық режим лайықты дәрежеде сақталмайды», – деді Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау министрлігінің «Министрлік хабарлайды» айдары бойынша Facebook-тен сөйлеген сөзінде.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда стационарларда коронавирус жұқтырған 5 795 пациент бар. Оның 119-ы жан сақтау бөлімінде жатыр.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда елімізде коронавирус расталған жағдай 15 192 болды, 9 647 науқас індеттен емделіп шықты. Ал, 88 науқас инфекциядан қайтыс болды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.