Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Аспалы көпір ел игілігіне берілді

0 805

10 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – БҚО Сырым аудандық мешітінің ұйымдастыруымен және ауыл кәсіпкерлерінің қолдауымен ҚМДБ-ның 30 жылдығына арналған «30 игі шара» жобасы аясында Өлеңті ауылында аспалы көпір ашылды, ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Жиынға Батыс Қазақстан облысының бас имамы Мұратбек Мұхтарханұлы, облыстық орталық мешіттің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Ересұлы және ауыл тұрғындары қатысты.

Мұратбек Қыстаубаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, игі іске атсалысқан аудан имамы Әділхан Наурызбайұлына, ауыл әкімдігіне, кәсіпкерлерге, қайырымды жандарға алғыс білдірді.

Шарадан кейін облыстың бас имамы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.