Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана: «Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа медиа жобалар ұсынады

Астана: «Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа медиа жобалар ұсынады

0 48

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының басшылығымен «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты Muslim.kz ақпараттық порталы жаңа жылдан бастап бірқатар жаңа медиа жобаларды көрермен назарына ұсынды. 

Атап айтқанда, рухани-ағартушылық бағыттағы «Руханият time» подкаст жобасы (алғашқы саны Рамазан айына дайындық тақырыбына арналды), хадистерге кеңінен түсіндірме беретін «Хадис тағылымы» бағдарламасы және әр жұма сайын эфирге шығатын «Ғибрат» хабары өз жұмысын бастады. Аталған жобаларды «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми медиа алаңдарынан бөлек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мұнара» телеарнасынан да тамашалауға болады.

Айта кетейік, жуырда «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Munara TV студиясы қайта жаңғыртылып, оның ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысқан болатын.



Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.