Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти ауызашарда бірқатар азаматқа Рамазан сыйын табыс етті

Бас мүфти ауызашарда бірқатар азаматқа Рамазан сыйын табыс етті

0 50

Алматы қаласында өткен ауызашар кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.


Іс-шара барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық жобасы аясында азамат Абдулла Рүстемұлының еміне 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай қаражат табыстады.

Сондай-ақ «Рамазан сыйы» акциясы аясында әрқайсысына 200 000 теңгеден төмендегі азаматтарға «Рамазан сыйы» табыс етілді:

  1. мешіт ақсақалы Берік Адиев;
  2. жалғызбасты ана Үміт Жоламанова;
  3. көп жылдан бері мешіт ауласын тазалау қызметін атқарып жүрген Рашид Дүйсенов;
  4. көпбалалы ана Сандуғаш Тескенбаева;
  5. мешіт қызметкері Жасұлан Қуанышалиев;
  6. көпбалалы ана Жанылай Қожамқұлқызы;
  7. көпбалалы ана Ләззат Ерлепесова;
  8. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының маманы Аяжан Қалиева.

Айта кетейік, денсаулығына байланысты ауызашар кешіне қатыса алмаған екі азаматқа «Рамазан сыйы» ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері арқылы табысталады. Аталған игі бастама қасиетті Рамазан айында қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу
мақсатында ұйымдастырылды.












Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.