Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти академик Асқар Жұмаділдаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады

Бас мүфти академик Асқар Жұмаділдаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады

0 47

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында көрнекті математик-ғалым, академик, қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаевты 70 жас мерейтойымен құттықтап, арнайы жүздесті.

Кездесу барысында Бас мүфти ғалымның ел ғылымының дамуына, ұлттық ой-сананың қалыптасуына қосқан сүбелі үлесін атап өтіп, мерейлі жасымен құттықтады. Сонымен қатар академик Асқар Жұмаділдаевтың ғылым мен білім саласындағы еңбегі, жастарды білім мен ізденіске шақырып жүрген ағартушылық қызметі қоғам үшін аса маңызды екенін жеткізді.

Өз кезегінде Бас мүфти мерейтой иесіне құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, ақжарма тілегін білдірді. Кездесу барысында руханият, ғылым және ұлттық құндылықтар төңірегінде пікір алмасу болып, ел бірлігі мен жастар тәрбиесінің маңызы туралы әңгіме өрбіді.

Академик Асқар Жұмаділдаев өзіне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, еліміздің рухани тұтастығы мен жастардың білімге ұмтылысы қоғамның дамуы үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.






Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.