Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт жамағаты хатым дұғасын жасады

0 228

Рамазан айын «Құран айы» деп те атайды. Бұл айда Құран Кәрімді бастан аяқ оқып хатым жасау – сауабы мол амалдардың бірі. Өйткені, ардақты Алла Елшісінің (Ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегесі.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде биылғы Рамазан айында күніге бесін намазынан кейін үлкен залда  жамағаттың қатысуымен Құран хатым жасалып келген еді.

Қасиетті Қадір түніне орай, Бас имам Руслан Байзақовтың қатысуымен бесін намазында арнайы хатым дұғасы жасалды.

Бас имам еліміздің тыныштығы мен бақ-берекесі үшін дұға жасап, жамағаттың биылғы жақсы амалы үшін ризашылығын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.