Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Отбасы салттары: Жеті ата сақтау дәстүрі

0 601

Қасиетті  Құранның  «Ниса»  сүресінің  23-аятында  үйленуге  харам  етілген  әйелдер  туралы  ашық баяндалған. Ислам  тарихында  екінші  халифа  Омар  ибн  Хаттаб  (р.а)  жақын  туысқандарына  үйленуді  әдетке айналдырған  Бәни  Сәйбтерге:  «Аурушаң  (кем-кетік туылу) болып, ұсақталып кеттіңдер. Алыстан (қызды жат руға беріп, жат рудан алыңдар) некелесіңдер» деп әмір етуі жақын адамдар арасында шәһуат қалауының аз немесе әлсіз болатындығын білдірген. Бұл әлжуаз ұрпақтың дүниеге келуіне арқау болады.

Медицина  ғылымының  докторы  Ғиззуддин  Фараж:  «Жақын  туысқандардың  арасындағы  некелесу  –  сол  отбасындағы  тұқым  қуалайтын  ауру  және жаман  қасиеттердің  өмірге  келген  баланың  бойында арта түсуіне себеп болады. Ал жат кісілер арасындағы некелесу  –  бұл  тұқым  қуалайтын  ауру  немесе  жаман  қасиеттерді  азайтады» деген.  Демек,  қазақ халқындағы араға жеті ата салып қыз беріп, қыз алысуын да төмендегі екі мақсат көзделген болуы мүмкін: Ұрпақтың аурушаң болып, ұсақталып кетпеуі; Араға жеті  ата  салып,  алыстап  бара  жатқан туысқандықты қайта жаңғырту.

материал «Дін мен дәстүр» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.