Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт қызметкерлеріне сый жасалды (ФОТО)

0 1  092

12 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Наурыз мерекесіне орай мешіт қызметкерлеріне сый жасалды , деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Көктемнің алғашқы айы ұлттық-ресми мерекелермен тұспа-тұс келеді. Халқымыз үшін аталмыш айдың орны ерекше.

Осыған орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бас имам Хамзат Әділбеков шағын құрамда кездесу өткізіп, мешіт ұстаз, Аналар мектебінің жетекшісі Айгүл Көсеген, шаруашылық қызметкерлері Ұмсын Тұрбашова, Мадина Егеубаева қатарлы қызметкерлерге мерекелік сый жасады.

Ұзақ жылдар мешітіміздің шаруашылық қызметкері ретінде тынбай жұмыс жасап, құлшылық ордасының таза да, ретті болуына тер төккен Тұрбашова Ұмсын апайға  арнайы бас имамның «Алғыс хаты» табысталды. 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.