Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Республика бойынша 449-баспананың сертификаты жас имамға бұйырды

0 882

«Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында республика бойынша 449, ал Ақтөбе облысы бойынша 15-пәтердің сертификатын РАНТ және Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы табыстады.

Жаңа пәтер Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі Шілікті ауылындағы «Нұрпейіс ишан» мешітінің имамы Жайық Кабетовке бұйырды. Шара барысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы ауылға келген жас маман Жайық Кабетовті баспаналы болуымен құттықтады.

Төрт бөлмелі пәтер толығымен жөндеуден өткен, аумағы 94 шаршы метрді құрайды.

Еске сала кетелік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясы жемісті қызмет етуде.

nurgasyr.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.