Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Һарун Рашид пен қарт

0 2  291

Һарун Рашид бір қарт кісінің жеміс ағашын отырғызып жатқанын көріп, оған:

– Әкей,  өзіңіз қартайыпсыз. Отырғызып жатқан ағаштың жемісін жеуге ғұмырыңыз жетпей қала ма, неге бейнеттеніп жатырсыз? – дейді.

Қарт  кісі  былай  деп жауап береді:

– Бізден бұрынғылар отырғызған ағаштың жемісін біз жедік. Енді біз отырғызған ағаштың  жемісін кейінгілер жесін.

Қарттың жауабы Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді.

– Көрдің бе, балам, отырғызып жатқан ағаштың жемісін міне, мен де көрдім, – дейді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.