Сенбі, 19 қыркүйек 2026 ж. 8 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:22
Күн 05:50
Бесін 12:13
Ақшам 18:25
Құптан 19:53
Мақалалар

Һарун Рашид пен қарт

31 нау 2021 2 611 рет оқылды
Һарун Рашид пен қарт

Һарун Рашид бір қарт кісінің жеміс ағашын отырғызып жатқанын көріп, оған:

– Әкей,  өзіңіз қартайыпсыз. Отырғызып жатқан ағаштың жемісін жеуге ғұмырыңыз жетпей қала ма, неге бейнеттеніп жатырсыз? - дейді.

Қарт  кісі  былай  деп жауап береді:

– Бізден бұрынғылар отырғызған ағаштың жемісін біз жедік. Енді біз отырғызған ағаштың  жемісін кейінгілер жесін.

Қарттың жауабы Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді.

– Көрдің бе, балам, отырғызып жатқан ағаштың жемісін міне, мен де көрдім, - дейді.

sunna.kz

#ғибратты қиссалар