Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

0 5  537

30 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  агенттігіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

2021 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір – «жасыл» аймақта.

Ал Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда бір тәулікте 1 445 адам коронавирус жұқтырды. Ең көбі Алматы қаласында 545 адам. Елімізде 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Қазір емдеу мекемелерінде 24 180 адам короновирус инфекциясынан ем-дом алып жүр.

Сондай-ақ, 29 наурызда 17 адам коронавирустан қайтыс болды. Оның екеуі коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонямен ауырған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.